ОҚУҒА ТҮСУГЕ АРНАЛҒАН СҰХБАТ СҰРАҚТАРЫНЫҢ ТІЗІМІ
ТАЛАПКЕРГЕ ЖАДЫНАМА
МАМАНДЫҚТАР
Қазтұтынуодағының Жоғары сауда-экономикалық колледжі 9-11 сынып негізінде, күндізгі және қашықтықтан оқыту бөлімдеріне келесі мамандықтар бойынша оқуға талапкерлерді қабылдайды:
- 0513000 «Маркетинг», біліктілігі: «Қолданбалы маркетинг бакалавры»
- 0518000 «Есеп және аудит», біліктілігі: «Қолданбалы есеп және аудит бакалавры»
Аталған мамандықтар бойынша оқу мерзімдері:
ТжББ негізінде – 10 ай.
- 0513000 «Маркетинг» біліктілігі: «Маркетолог»,
Жұмысшы біліктілігі: «Бақылаушы-кассир», «Азық-түлік тауарларының сатушысы», «Сатушы-кеңесші»
- 0512000 «Аударма ісі», біліктілігі «Гид-аудармашы»
- 0518000 «Есеп және аудит», біліктілігі: «Экономист-бухгалтер»
- 0201000 «Құқықтану»,біліктілігі: «Заңгер-кеңесші»
Аталған мамандықтар бойынша оқу мерзімдері:
9 сынып негізінде – 2 жыл 10 ай;
11 сынып негізінде – 1 жыл 10 ай.
- 0508000 «Тамақтандыруды ұйымдастыру», біліктілігі: «Технолог - менеджер»
Жұмысшы біліктілігі: «Аспазшы», «Кондитер», «Бармен»
- 1304000 «Есептеу техникасы және бағдарламамен қамту», біліктілігі: «Техник - бағдарламашы»
Жұмысшы біліктілігі: «Сандық және электронды құрылғыларды,компьютерлік желілердің жөндеуші»
Аталған мамандықтар бойынша оқу мерзімдері:
9 сынып негізінде - 3 жыл 10 ай;
11 сынып негізінде – 2 жыл 10 ай.
ҚАЖЕТТІ ҚҰЖАТТАР
Талапкерлер қабылдау комиссиясына мынадай құжаттар тапсырады:
- 9 сынып бітірген куәлігі (11 сынып бітірген аттестаты) - түпнұсқа
- ҰБТ сертификаты (11 сынып негізінде);
- № 086 У медициналық анықтама флюрография суретімен (І және II топтағы мүгедектер мен бала жасынан мүгедектер үшін медициналық-әлеуметтік сараптаманың қорытындысы)
- 4 фотосурет 3х4;
- туу туралы куәлік немесе төлқұжат (тұлғаны салыстыру үшін)
Шетелдіктер және азаматтығы жоқ адамдар келесі құжатты ұсынады:
- шетелдік - шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхат;
- азаматтығы жоқ тұлға - азаматтығы жоқ тұлғаның куәлігі;
- босқын - босқынның куәлігі;
- пана іздеуші тұлға - пана іздеуші тұлғаның куәлігі;
- оралман - оралман куәлігі.
ҚАБЫЛДАУ ҚАҒИДАЛАРЫ
Техникалық және кәсіптік білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын Астана қаласындағы «Қазтұтынуодағы
Жоғары сауда-экономикалық колледжіне» 2019-2020 оқу жылына
оқуға қабылдаудың
ЕРЕЖЕСІ
- Жалпы ережелер
1. Осы Техникалық және кәсіптік білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың ережелері Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі «Білім туралы» Заңы (бұдан әрі — Заң) , «Техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгі қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 19 қаңтардағы № 130 қаулысы, «Техникалық және кәсіптік білім беру саласында көрсетілетін мемлекеттік қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Білім және ғылым Министрінің 2015 жылғы 14 сәуіріндегі №200 бұйрығы және «Техникалық және кәсіптік білім беру саласында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» Астана қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 6 тамыздағы № 107-1346 қаулысы негізінде Астана қаласы Білім басқармасымен келісе отырып Астан қаласындағы «Қазтұтынуодағының Жоғары сауда-экономикалық колледжіне» (бұдан әрі — колледж) оқуға түсу ережесін анықтайды.
2. Білім беру ұйымдарына негізгі орта, (негізгі жалпы), жалпы орта (орта жалпы) білімі, техникалық және кәсіптік білімі (орта кәсіптік), орта білімнен кейін, жоғары (жоғары кәсіптік) білімі бар Қазақстан Республикасының азаматтары, шетелдік азаматтар және азаматтығы жоқ адамдар қабылданады.
3. Колледжге оқуға түсу кезінде ҚР Заңның 26-бабының 8-тармағына және «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға түсу кезінде қабылдау квотасының мөлшерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылдың 28 ақпанындағы № 264 қаулысына сәйкес айқындалған қабылдау квотасы төменгі жағдайларда қарастырылады:
1)І, II топтардағы мүгедектер, бала кезінен мүгедектер, мүгедек балалар арасынан шыққан азаматтар үшін – 1 пайыз;
2) жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне теңестірілген адамдар үшін – 0,5 пайыз;
3) ауылдың әлеуметтік-экономикалық дамуын айқындайтын мамандықтар бойынша ауыл жастары арасынан шыққан азаматтар үшін – 30 пайыз;
4) Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын ұлты қазақ адамдар үшін – 4 пайыз;
5) жетім балалар және ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалар, сондай-ақ кәмелеттік жасқа толғанға дейін ата-анасынан айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жастар қатарындағы Қазақстан Республикасының азаматтары үшін – 1 пайыз;
6) Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған өңірлерге қоныс аударған ауыл жастары арасынан шыққан азаматтар үшін – 10 пайыз.
4. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары білімі бар тұлғалар үшін түсу емтихандарын тапсыру нысанын колледж белгілейді.
Техникалық және кәсіптік білім беру оқу бағдарламаларын іске асыратын Астана қаласы «Қазтұтынуодағы Сауда-экономикалық колледжіне» оқуға қабылдаудың тәртібі. Құжаттарды қабылдауды ұйымдастыру және түсу емтихандарын өткізу
5. Колледжге тұлғалардың оқуға өтініштерін қабылдау, түсу емтихандарын өткізу және білім алушылар құрамына қабылдау үшін білім беру ұйымының басшысы жұмысын 1 маусымнан кешіктірмей бастайтын қабылдау комиссиясын құрады.
Қабылдау комиссиясының құрамына комиссия төрағасы, жауапты хатшы және комиссия мүшелері кіреді.
6. Білім беру ұйымдары қабылдау комиссияларының өңірлерге барып тұлғаларды оқуға қабылдау жұмысын ұйымдастыру мәселелері Астана қаласы Білім беру басқармасының келісімі бойынша шешіледі.
7. Оқуға түсушілерді қабылдау нәтижесі туралы ақпаратпен оқудың күндізгі нысаны бойынша 30 тамызға дейін, сырттай оқу нысаны бойынша 30 қыркүйекке дейін ақпараттық стендіге жариялау арқылы немесе білім беру ұйымының интернет ресурсы арқылы қабылдау комиссиялары таныстырады.
8. Білім беру ұйымдарында оқуға азаматтардың өтініштерін қабылдау:
1) орта буын мамандарын даярлауды көздейтін техникалық және кәсіптік білім беретін оқу бағдарламалары бойынша;
оқудың күндізгі нысанына 20 маусым мен 20 тамыз аралығында;
оқудың сырттай нысанына 20 маусым мен 20 қыркүйек аралығында;
2) бұқаралық кәсіптер мен неғұрлым күрделі (аралас) кәсіптер бойынша кадрлар даярлауды көздейтін техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламалары бойынша 20 маусым мен 20 тамыз аралығында жүзеге асырылады.
9. Оқуға түсушілер білім беру ұйымдарына оқуға қабылдау туралы өтінішіне білімі туралы құжаттың түпнұсқасын, № 086-У нысаны бойынша медициналық анықтаманы флюрография суретімен (І және II топтағы мүгедектер мен бала жасынан мүгедектер үшін медициналық-әлеуметтік сараптаманың қорытындысы), 3x4 көлемдегі 4 суретті қоса береді.
Жеке басын куәландыратын құжаттарды оқуға түсушінің өзі, ата-аналары немесе заңды өкілдері ұсынады.
Шетелдіктер және азаматтығы жоқ адамдар мәртебесін анықтайтын, тұрғылықты жерге тіркелгендігі туралы белгісі бар құжатты ұсынады:
1) шетелдік - шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхат;
2) азаматтығы жоқ тұлға - азаматтығы жоқ тұлғаның куәлігі;
3) босқын - босқынның куәлігі;
4) пана іздеуші тұлға - пана іздеуші тұлғаның куәлігі;
5) оралман - оралман куәлігі.
Оқуға түсушілерден түскен өтініштер білім беру ұйымының тіркеу журналдарына оқытудың нысандары бойынша тіркеледі.
Кешенді тестілеу сертификатын немесе ҰБТ нәтижелері туралы сертификатын тапсырған (ағымдағы жылы ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысқан бітірушілер) тұлғалар түсу емтихандарынан босатылады және осы Қағидалардың 15-тармағында көрсетілген шарттарға сәйкес конкурсқа жіберіледі.
10. Түсу емтихандары орта буын мамандарын даярлауды көздейтін техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламалары бойынша және:
1) жалпы орта білімі бар оқуға түсушілер үшін үш пән бойынша (қазақ немесе орыс тілі, Қазақстан тарихы және мамандық бейіні бойынша пән) өткізіледі;
2) негізгі орта білімі бар оқуға түсушілер негізгі орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламалары көлемінде екі пән бойынша (қазақ немесе орыс тілі және мамандық бейіні бойынша пән);
3) мамандық бейініне сәйкес келмейтін техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары білімі бар тұлғалар үшін мамандық бейіні бойынша өткізіледі;
4) мамандық бейініне сәйкес келетін техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары білімі бар тұлғалар үшін әңгімелесу түрінде өткізіледі.
Бұқаралық кәсіптер мен неғұрлым күрделі (аралас) кәсіптер бойынша кадрлар даярлауды көздейтін техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламалары бойынша оқуға түсушілерге арналған түсу емтихандары әңгімелесу нысанында өткізіледі.
Білім беру ұйымдарына түсу емтихандары түсушілердің өтінішіне сәйкес қазақ немесе орыс тілдерінде өткізіледі.
Техникалық және кәсіптік білімнің мамандық бейіні бойынша жалпы білім беретін пәндер тізбесі осы Қағидалардың қосымшасына сәйкес айқындалады.
11. 12-тармақта көрсетілген негізгі орта, жалпы орта білімі бар тұлғалар үшін қабылдау емтихандарының нысанын, тестілеуді немесе пәндер бойынша емтихандарды колледж белгілейді.
Бұқаралық кәсіптер мен неғұрлым күрделі (аралас) кәсіптер бойынша кадрлар даярлауды көздейтін техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламалары бойынша оқудың күндізгі нысанына түсетін азаматтар үшін әңгімелесу 1 тамыз бен 28 тамыз аралығында өткізіледі
Қабылдау етиханының түрі – тестілеу.
12. Орта буын мамандарын даярлауды көздейтін техникалық және кәсіптік білімнің оқу бағдарламалары бойынша оқуға түсетін тұлғалар үшін оқудың күндізгі нысанына түсу емтихандары 1 тамыз бен 28 тамыз аралығында, оқудың кешкі және сырттай нысанына 1 тамыз бен 25 қыркүйек аралығында.
Түсу емтихандарын өткізу кезінде:
1) тестілеу нысанында әрбір пән бойынша тестілеу тапсырмаларының (сұрақтарының) саны 25 болып белгіленеді; әрбір тест тапсырмасының дұрыс жауабы 1 баллмен бағаланады; тестілеуге үш пән бойынша 2 сағат 15 минут, ал екі пән бойынша 1 сағат 30 минут беріледі; дұрыс жауаптар коды тестілеу аяқтала салысымен ілінеді;
тестілеу нәтижелері өткізілген күні хабарланады;
2) пәндер бойынша емтихандардың, қабылдау емтихандарының нәтижелері бойынша алынған «3», «4», «5» бағаларын қабылдау комиссиясы мынадай шкала бойынша: «3» - 8 балл, «4» - 17 балл, «5» - 25 баллдарға ауыстырады.
13. Бірыңғай талаптардың сақталуын қамтамасыз ету және тест тапсырмаларын (сұрақтарын) бағалау және пәндер емтихандары кезіндегі даулы мәселелерді шешу, түсушілердің құқығын қорғау мақсатында білім беру ұйымында апелляциялық комиссия құрылады.
Апелляциялық комиссия құрамына апелляция комиссиясының төрағасы, хатшысы және мүшелері кіреді.
Тестілеу бойынша түсу емтихандарының нәтижелерімен келіспеген тұлға шағым білдіруіне болады.
Апелляцияға өтініш тестілеу немесе түсу емтихандарының нәтижелері хабарланғаннан кейін апелляциялық комиссияға келесі күнгі сағат 13.00-ге дейін беріледі және бір тәулік ішінде өтініш берушінің қатысуымен апелляциялық комиссияда қаралады.
Апелляциялық комиссия шешімі комиссия құрамы тізіміндегі тұлғалардың көпшілік даусымен қабылданады. Дауыс тең болған жағдайда комиссия төрағасы шешуші дауыс беруге құқылы. Комиссия жұмысы төрағаның және барлық комиссия мүшелерінің қолдары қойылатын хаттамамен ресімделеді.
14. Тестілеуді немесе пәндер бойынша түсу емтихандарын қайта тапсыруға рұқсат етілмейді.
3. Білім алушылар құрамына қабылдау
15. Білім беру ұйымдарына білім алуға азаматтарды қабылдау конкурстық негізінде азаматтардың өтініштері бойынша жүзеге асырылады.
Конкурс: ҰБТ сертификаттарының баллдары негізінде; Қазақстан Республикасының жоғары оқу орнына түсу үшін кешенді тестілеу нысанында өткізілген түсу емтихандарының нәтижелері бойынша берілген сертификаттар баллдары негізінде; пәндер бойынша немесе білім беру ұйымдары жүргізген тестілеу нысаны бойынша түсу емтихандарының нәтижелері бойынша алынған баллдар (бағалар) негізінде жүргізіледі.
Қабылдау конкурсын өткізу кезінде ҰБТ немесе кешенді тестілеу сертификаттарында көрсетілген үш пәннің осы Қағидалардың 12-тармағына сәйкес баллдар сомасы ескеріледі.
Білім алушылар құрамына қабылдау конкурсына қатысуға:
1) негізгі жалпы білім алғандар үшін екі пәннен 20 баллдан кем, құқық, экономика мамандықтары бойынша 25 баллдан кем;
2) жалпы орта білім алғандар үшін үш пәннен 30 баллдан кем, құқық, экономика мамандықтары бойынша 35 баллдан кем жинағандар жіберілмейді.
Конкурстың шарттары білім алу құқықтарын сақтауға кепілдік беруге және неғұрлым қабілетті және тиісті деңгейдегі техникалық және кәсіптік білім берудің оқу бағдарламаларын меңгеруге даярлығы бар азаматтарды қабылдауды қамтамасыз етуге тиіс.
Орта буын мамандарын даярлауды көздейтін техникалық және кәсіптік білім беретін оқу бағдарламалары бойынша білім алушылардың құрамына қабылдау:
Бұқаралық кәсіптер мен неғұрлым күрделі (аралас) кәсіптер бойынша кадрлар даярлауды көздейтін техникалық және кәсіптік білім беретін оқу бағдарламалары бойынша білім алушылардың құрамына қабылдау негізгі орта немесе жалпы орта білімі туралы құжаттарда көрсетілген бейіндікпәндер бойынша бағалары, әңгімелесулер нәтижелері ескеріле отырып іріктеу негізінде 25 тамыз бен 30 тамыз аралығында өткізіледі. Іріктеу шарттарын білім беру ұйымдары айқындайды.
16. Колледжге қабылдауды қабылдау комиссиясы кәсіптер, мамандықтар бойынша жеке ашық отырыстарда жүргізеді.
17. Конкурстан өткен тұлғалар оқуға директордың бұйрығымен қабылданады.
Техникалық және кәсіптік білім
берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын
іске асыратын Қазтұтынуодағының
Жоғары сауда-экономикалық колледжіне
оқуға қабылдаудың қағидаларына
№1 қосымша
Оқуға қабылдаудың Техникалық және кәсіптік білім мамандықтарының бейіні бойынша жалпы білім беру пәндерінің тізімі
2018-2019 оқу жылы
№ |
Мамандықтар коды |
Мамандықтың атауы |
Бейіндік пән атауы |
|
Негізгі орта білім (жалпы негізгі) |
Орта білім (жалпы орта) |
|||
1 |
0518000 |
«Есеп және аудит» (салалар бойынша) |
математика |
математика |
2 |
0513000 |
«Маркетинг» (салалар бойынша) |
математика |
математика |
3 |
0508000 |
«Тамақтандыруды ұйымдастыру» |
математика |
математика |
4 |
0201000 |
«Құқықтану» |
құқық негіздері |
дүниежүзі тарихы |
5 |
0512000 |
«Аударма ісі» (түрлері бойынша) |
ағылшын тілі |
ағылшын тілі |
6 |
1304000 |
«Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету» (түрлері бойынша) |
математика |
математика |
7 |
0511000 |
«Туризм» (түрлері бойынша) |
география |
География |
№ 2 қосымша
Қазтұтынуодағының Жоғары сауда-экономикалық колледжіне 2019-2020 оқу жылына оқуға қабылдау бойынша мамандықтар тізімі
№ |
Мамандықтың атауы және коды |
Біліктіліктердің атауы және коды |
Оқыту мерзімі |
|
Негізгі орта білім (жалпы негізгі) |
Орта білім (жалпы орта) |
|||
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
1 |
0518000 «Есеп және аудит» |
0518033 «Экономист-бухгалтер» |
2 жыл 10 ай |
1 жыл 10 ай |
2 |
0513000 «Маркетинг» |
0513053 «Маркетолог» |
2 жыл 10 ай |
1 жыл 10 ай |
051307 3 «Мерчендайзер» |
||||
051301 2 «Азық-түлік тауарларының сатушысы» |
||||
051302 2 «Азық-түлік емес тауарларының сатушысы» |
||||
051303 2 «Бақылаушы -кассир» |
||||
3 |
1304000 «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету» |
1304043 «Техник – бағдарламашы» |
3 жыл 10 ай |
2 жыл 10 ай |
130401 2 «Электрондық-есептеу машиналарының операторы» |
||||
130408 2 «Электронды-есептеу машинарын баптаушы» |
||||
4 |
0508000 «Тамақтандыруды ұйымдастыру» |
050806 3 «Қызмет көрсету менеджері» |
3 жыл 10 ай |
2 жыл 10 ай |
050801 2 «Повар» |
||||
050802 2 «Кондитер» |
||||
050805 2 «Бармен» |
||||
5 |
0512000 «Аударма ісі» |
0512023 «Гид-аудармашы» |
2 жыл 10 ай |
1 жыл 10 ай |
6 |
0201000 «Құқықтану» |
0201023 «Заңгер-кеңесші» |
2 жыл 10 ай |
1 жыл 10 ай |
7 |
0512000 «Туризм» |
0511043 «Менеджер» |
3 жыл 6 ай |
2 жыл 6 ай |
ҚАБЫЛДАУ ЕМТИХАНДАРЫ
Қабылдау емтихандары 9 сынып негізінде кешенді тестілеу түрінде өтеді:
- Қазақ немесе орыс тілі (таңдау бойынша)
- Математика (профильді пән)
«Құқықтану» мамандығы бойынша
Екінші профильді пән - Мемлекет және құқық негіздері
«Туризм» мамандығы бойынша
Екінші профильді пән – География
«Аударма ісі» мамандығы бойынша
Екінші профильді пән – ағылшын тілі
11 сынып негізінде және сырттай оқу нысаны бойынша қабылдау ҰБТ сертификаты негізінде немесе келесі пәндерден кешенді тестілеу нәтижесімен жүргізіледі:
1. Қазақ (орыс) тілі
2. Математика
3. Қазақстан тарихы.
«Құқықтану» мамандығы бойынша:
1. Қазақ (орыс) тілі
2. Дүние жүзі тарихы
3. Қазақстан тарихы.
ҚАБЫЛДАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ЖҰМЫС ТӘРТІБІ
ҚАБЫЛДАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ЖҰМЫС ТӘРТІБІ
сағат 9.00 - 18.30
түскі үзіліс сағат 13.00 - 14.30
Құжаттарды қабылдау:
күндізгі бөлімге 2019 жылғы 20 маусымнан 20 тамызға дейін;
сырттай бөлімге 2019 жылғы 20 маусымнан 20 қыркүйекке дейін.
Қабылдау комиссиясының жауапты хатшысы
Тилдабаева Гульзада Тилдабаевна
тел.: 8 (7172) 50-18-30
Оқу бөлімі: 8 (7172) 50-18-35
Қабылдау комиссиясының хатшысы
Самбетова Асия Рахматуллаевна