КӘСІПТІК ПРАКТИКА
Өндірістік оқыту және әлеуметтік серіктестермен жұмыс бөлімі Қазтұтынуодағы Сауда-экономикалық колледжінің (әрі қарай ҚСЭК) құрылымдық бөлімшесі болып табылады.
Өндірістік оқыту және әлеуметтік серіктестермен жұмыс бөлімін директордың оқу-әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары басқарады, ол ҚСЭК директорының бұйрығымен лауазымға тағайындалып, лауазымынан босатылады.
Өз қызметінде бөлімше директорға бағынып, келесі нормативті-құқықтық актілерді басшылыққа алады:
- Қазақстан Республикасының Конституциясы;
- Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексі;
- Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы", "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" заңдары;
- Білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламалары;
- Білім алушылардың білім және тәрбие беру мәселелері бойынша басқа да нормативтік-құқықтық актілері;
- Педагогика және психология негіздері;
- Оқыту әдістерін және озық технологияларды;
- Басқарудың инновациялық әдістерін;
- Экономика негіздерін, еңбек туралы заңнаманы, еңбекті қорғау, техника қауіпсіздігі және өртке қарсы ережелері мен нормалары.
Өндірістік оқыту және әлеуметтік серіктестермен жұмыс бөлімі Қазтұтынуодағы Сауда-экономикалық колледжінің (әрі қарай ҚСЭК) құрылымдық бөлімшесі болып табылады
Өндірістік оқыту және әлеуметтік серіктестермен жұмыс бөлімін директордың оқу-әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары басқарады, ол ҚСЭК директорының бұйрығымен лауазымға тағайындалып, лауазымынан босатылады.
- Өз қызметінде бөлімше директорға бағынып, келесі нормативті-құқықтық актілерді басшылыққа алады:
- Қазақстан Республикасының Конституциясы;
- Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексі;
- Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы", "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" заңдары;
- Білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламалары;
Лауазымдық міндеттері
- Оқу-өндірістік жұмысты жоспарлайды және үйлестіреді;
- Оқу-өндірістік, әдістемелік жұмысты бақылауды және талдауды жүзеге асырады;
- Сабақ кестесін жасауға арналған материалдарды дайындайды және олардың орындалуын бақылауды жүзеге асырады;
- Әлеуметтік серіктестіктермен жасалған келісім-шарттарды әзірлейді және іске асырылуына жауап береді;
- Өндірістік оқыту бойынша өндірістік, кәсіптік және диплом алдындағы тәжірибе жетекшісінің жұмысын басқарады, арнайы пәндер оқытушыларының жұмысын талдайды;
- Оқытудың инновациялық-дамытушылық элементтерін зерделейді, таратады және тәжірибеге енгізеді;
- Оқу-материалдық базалардың есебін қамтамасыз ету, сақтау және толықтыру бойынша жұмысты, санитариялық-гигиена режимдері, шеберханаларда және өндірісте еңбекті қорғау, техника қауіпсіздігі ережелерін сақтауды ұйымдастырады;
- Білім алушылардың білім және тәрбие беру мәселелері бойынша басқа да нормативтік-құқықтық актілері;
- Педагогика және психология негіздері;
- Оқыту әдістерін және озық технологияларды;
- Басқарудың инновациялық әдістерін;
- Экономика негіздерін, еңбек туралы заңнаманы, еңбекті қорғау, техника қауіпсіздігі және өртке қарсы ережелері мен нормалары.
Кәсіптік практика Қазтұтынуодағының Сауда-экономикалық колледжі студенттерінің орындауға міндетті болып табылатын, білікті және құзыретті мамандарды даярлауда оқу процесінің ажырамас бөлігі.
Практиканың негізгі мақсаты техникалық және кәсіптік білім беру мамандықтары бойынша кәсіби қызметтің барлық түрлерінен студенттердің жан-жақты дамуы, жалпы және кәсіби құзыреттіліктерін қалыптастыруы, сондай-ақ студенттердің мамандығы бойынша қажетті дағдылар мен практикалық тәжірибе алмасуы, тәуелсіз ғылыми-зерттеу жұмысының дағдыларын дамытуға бағытталған.
Практика міндеті – әртүрлі қызмет саласындағы кәсіпорындарында кәсіби жұмыс жасау дағдылары қалыптастыру және дипломдық жұмысты орындауға ақпарат жинау.
Мамандықтар бойынша студенттердің кәсіптік практикасын ұйымдастыру және өткізу тәртібі Білім туралы Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі № 319 Заңына (04.12.2015 ж. өзгерістер мен толықтыруларымен), Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы № 1080 қаулысымен бекітілген Техникалық және кәсіптік білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына (ҚР Үкіметінің 13.05.2016 № 292 қаулысымен өзгертулер мен толықтыруларымен), «Қазақстан Республикасындағы әлеуметтік әріптестік туралы» Заңына, кәсіптік практиканы ұйымдастыру мен өткізу қағидаларын және практика базалары ретінде ұйымдарды айқындау қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 29 қаңтардағы № 107 бұйрығына, Білім беру қызметтерін көрсетудің үлгілік шартының және кәсіптік практикадан өткізуге арналған үлгілік шарт нысандарын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 93 бұйрығына сәйкес реттелген.
Кәсіптік практика оқу жұмыс бағдарламалары мен оқу жұмыс жоспарларына сәйкес оқу (таныстыру), өндірістік (технологиялық) және диплом алды түрлеріне айқындалған.
Кәсіптік практиканың әр түрінің мақсаты, міндеттері мен бағдарламасы бар, оларға байланысты кәсіптік практиканың тиісті базасы айқындалады.
Суюндикова Салтанат Отызбаевна
Директордың оқу-өндірістік ісі жөніндегі орынбасары
телефон +7 (717) 250-18-35
ӘЛЕУМЕТТІК СЕРІКТЕСТІК
Колледждің әлеуметтік серіктестері болып құқық қорғау органдары, Астана қаласының соттары, экономика, құқық, маркетинг және ақпараттық технологиялар салаларындағы кіші және орта бизнес мекемелері, сонымен қатар туристтік фирмалар мен тамақтандыру ұйымдары. Колледж студенттеріне практика өтетін орын ұсынатын, түлектерді жұмыспен қамтамасыз ететін, колледждің іс-шараларына және экспериментальды модульдік оқыту бағдарламаларын әзірлеу бойынша жобаларға қатысатын әлеуметтік серіктестер қатарына келесі мекемелер жатады:
«Arta Software» ЖШС, «Нат Казахстан» АҚ, «Kazakhstan Prime Innovation» ЖШС, «Центрсофт-НС» ЖШС, «АудБух» ЖШС, «Метро Кэш энд Керри» ЖШС, «Беркат» концорциумы, «Жеті аспан» ЖШС «GALMART» - супермаркеті, «KENMART» ЖШС, «Елордалық туризм қауымдастығы» ЗТБ, «Акмолатурист» АҚ, «Фирма Саят» ЖШС, «1С Батыр» ЖШС, Астана қ. Сарыарқа аудандық азаматтық соты, Астана қ. Алматы аудандық қылмыстық соты, «Бизнес Рост» ЖШС, Астана қ. Арнайы ауданаралық экономикалық сот, «Национальная служба взыскания» ЖШС, «Арман-Тур» халықаралық турсттік агенттігі, «Жас туристтер станциясы» ММ, «Арус Про» ЖШС.
Қазтұтынуодағының Сауда-экономикалық колледжі жұмыс берушілермен ынтымақтастығы әлеуметтік серіктестік ретінде келесі бағыттарда іске асады:
- Кәсіптік практика өту үшін орындар ұсыну;
- 1304000 «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету» мамандығының «ТжКБ-ді жаңғырту» атты Бүкіләлемдік банк және ҚР БжҒМ халықаралық жобасы бойынша экспериментальды модульдік оқыту бағдарламасын енгізу мен сүйемелдеу;
- Әлеуметтік серіктестер базасында колледж оқытушылар құрамының біліктіліктерін арттыру курстарын өту;
- Әлеуметтік серіктестер өндірістік-сауда мекемелерінде оқытушылардың тағылымдамадан өтуі;
- Практикалық сабақтарды өтуі;
- Компанияның озық мамандары қорытынды аттестациялық комиссия төрағасы ретінде тағайындалуы;
- Жұмысшы мамандығын беру біліктілік емтиханына қатысу.
Білім беру ұйымы анықтайтын пәнді колледждің әлеуметтік серіктестері өткізеді.
Колледждің оқу үрдісіне жұмыс берушілер белсене ат салысады, ол кезегінде студенттердің қызығушылығын арттырады және өз құзыреттілігін көтеруге ықпал етеді, оқып отырған мамандығы бойынша дағдыларға ие болуға мүмкіндік береді.
Мысалы ретінде, «АРУС Про» ЖШС директоры Арешин В.В. «Компьютерлік графика» оқу практикасынан сабақ береді, бұл серіктестіктің бетке тұтар нәтижесі ретінде студенттер «WorldSkills Astana» қалалық сайысында жүлделік II және III орындарға ие болғандығын айтуға болады. Бұл жұмыстардың түпкі мақсаты жұмысшы мамандығының беделін жоғарылату және студенттердің шеберлік дағдыларын дамыту болып табылады.
ҚР тәуелсіздігінің 25-жылдығы және Қазтұтынуодағының Сауда-экономикалық колледжінің 60 жылдығын тойлау аясында «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету» мамандығының 3 курс студенттері арасында көшбасшы әлеуметтік серіктес «Arta Software» ЖШС атынан «Білім беру гранты» атты сайыс өтті. Сайыс қорытындысы бойынша грант иегері болып 32ЕТ тобының студенті Жалғас Абзал атанды.
Колледждің әлеуметтік серіктестері болып құқық қорғау органдары, Астана қаласының соттары, экономика, құқық, маркетинг және ақпараттық технологиялар салаларындағы кіші және орта бизнес мекемелері, сонымен қатар туристтік фирмалар мен тамақтандыру ұйымдары. Колледж студенттеріне практика өтетін орын ұсынатын, түлектерді жұмыспен қамтамасыз ететін, колледждің іс-шараларына және экспериментальды модульдік оқыту бағдарламаларын әзірлеу бойынша жобаларға қатысатын әлеуметтік серіктестер қатарына келесі мекемелер жатады: