Logotype Жоғары сауда-экономикалық колледж
 

Оңтүстік Кореяда білім алу

2020 жылдың 24 ақпанында Сеул технология және білім беру институтына оқуға Нұрмахан Бақытнұрды салтанатты түрде шығарып салу рәсімі өтті.

Нұрмахан Бақытнұр, Қазтұтынуодағының жоғары сауда-экономикалық колледжінің "Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету" мамандығы бойынша 2 курс студенті, 2020 жылдың ақпан айынан желтоқсан айына дейін "Web-бағдарламалау" құзыреттілігі бойынша Сеул технология және білім беру институтында (Кунпхо қаласы, Кенгидо, Оңтүстік Корея) тегін оқуға мүмкіндік алды.

"Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету" мамандығы бойынша дағдыларын және корей тілін жоғары деңгейде меңгергендігі арқасында Бақытнұр - Сеул қалалық басқармасы мен Нұр-сұлтан қаласы білім беру басқармасының "Жастарды кәсіби даярлау" келісімі аясында 2019 жылдың желтоқсан айында ұйымдастырған тестілеу мен әңгімелесуден сәтті өтті.

Салтанатты іс-шарада колледж директоры Мырзабек Турабекұлы барлық педагогикалық ұжым атынан студентке құзыреттілікті меңгеруде табыс тіледі және ізгі тілегін білдірді. Қалған студенттер Бақытнұрға шын жүректен ақ жол және болашақта кәсіби жеңістер тіледі!

 

 

 

ЭЛЕКТРОНДЫ АДРЕСІ college_tek@mail.ru
ПСИХОЛОГҚА СҰРАҚ
БІЗГЕ КЕЛІНІЗ Нұр-Сұлтан қ., Кенесары 60
КОНТАКТЫ
Қабылдау +7 (7172) 50-18-36
Факс +7 (7172) 50-18-37
Бухгалтерия +7 (7172) 52-41-48
Кадырлар бөлімі +7 (7172) 50-18-33
Оқу бөлімі +7 (7172) 50-18-35
Қабылдау комиссиясы +7 (7172) 50-18-30

Яндекс.Метрика

 
 
© 2017-2020 ЖОҒАРЫ САУДА-ЭКОНОМИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖ.
БАРЛЫҚ ҚҰҚЫҚТАР САҚТАЛҒАН.